Алматыда «Қара майорға» құрмет көрсетілді

Алматыда «Қара майорға» құрмет көрсетілді
Батырға арнап 28 Панфиловшылар саябағындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

 12 қаңтар - Ауған Соғысының ардагері, полковник, Борис Керімбаевтың туған күні. Осыған орай қалалық әскери-патриоттық клубтың оқушылары батыр рухына тағзым жасап, 28 Панфиловшылар саябағындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ, «Қара майордың» жүріп өткен ерлік жолдары мен әскери-тарихи мұражайға қойылған жеке заттарымен танысты. Ол әділ, шыншыл, сенімді әскери адам болған еді деп еске алады әріптестері. Әскери абырой мен қаһармандықтың үлгісі бола білген ол биыл тірі болғанда 72 жасқа толар еді.

«Борис Төкенұлының жасаған тактикаларын қазір бізде әскери-патриоттық клубтың оқушылары байқап көріп, тәжірбие жинап жатыр. Ол кісінің атын, ерлігін мектепте оқытылатын тарих пәніне кіргізеді деген ойымыз бар» - деді қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы Амантай ҮСЕРБАЕВ.

Новости партнеров