Мамыр айында қазақстандықтар 11 күн демалады
Үкіметтің 2018 жылдың 26 желтоқсанындағы қаулысына сәйкес мамыр айының демалыстар күнтізбесіне өзгерту енгізді.
«2015 жылдың 23 қарашасынан күшіне енген Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес, Қазақстан үкіметі 2019 жылдың 4 мамыры – сенбі күнгі демалысты 2019 жылдың 10 мамырына ауыстыруға қаулы шығарды», — делінген еліміздің нормативтік-құқықтық актілерінің Ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында жарияланған құжатта.
Осылайша Жеңіс күні – 9 мамырдан бастап қатарынан төрт күн (9-12 мамыр) демалыс беріледі, 2019 жылдың 4 мамыры, сенбі – жұмыс күні.
Сондай-ақ қазақстандықтар 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні (сәрсенбі) мен 7 мамыр – Отан қорғаушы күнінде (сейсенбі) қосымша демалыс алады.
2019 жылдың мамыр айында қазақстандықтар 11 күн демалады.