2020 жылы қандастарды қабылдауға қанша квота бөлінді

sputniknews.kz
sputniknews.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «оралман» сөзі «қандас» ұғымымен алмастырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның өңірлеріне қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2020 жылға арналған квотасы бекітілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17 тамыздағы 2020 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын бекіту туралы бұйрығы шықты.

Құжатқа сәйкес, биыл қандастарды қабылдау үшін 1 378 адамға, ал қоныс аударушыларды қабылдау үшін 4 750 адамға өңірлік квота бөлініп отыр.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Айта кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «оралман» сөзі «қандас» ұғымымен алмастырылды. Заңға тиісті өзгерістер биыл енгізілген болатын.

Сонымен қатар, енді этникалық қазақтар 1991 жылға дейін шет мемлекетте тұрғанын растамайды. «Оралман» мәртебесін алу үшін бұрын Қазақстан азаматтығын алмағаны негізгі критерий болып саналады.

Новости партнеров