Қымызды қалай ішкен дұрыс?
Қымыз құрамында мың сан дәрмен бар. Қымыз сапалы тамақ өнімі ғана емес, сондай ақ шипалы сусын деп те есептеледі. Белгілі акадамек Төрегелді Шарманов қымыздың төрт ерекшелігін атады, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы академи «Орталық Қазақстан» газетіне берген сұхбатында айтты.
«Қымыздың құрамында мың сан дәрумен бар. Оның ең басты төрт ерекшелігіне тоқталсақ, біріншіден – қымыз құрамындағы белоктың «альбуминдік» сіңімді, нәзік табиғаты, екіншіден – оның құрамында трансмай қышқылы жоқ.
Бұл майдың ағзаға зияны өте көп. Үшінші ерекшелігі – қымыз табиғи антибиотик. Төртінші қасиеті – ашыту процесі барысында пайда болатын вирустар мен бактерияларды жоюға қабілетті аскорбин қышқылына (С дәрумені) өте бай. Біреу айтты екен деп, қымызды ысытып ішуге болмайды.
Егер олай жасайтын болсақ, қымыздың құрамындағы мен айтып отырған дәруменнің барлығы жойылып кетеді. Ең дұрысы – қымызды бөлме температурасында ішу. Оны тоңазытқышқа қойып, салқындатуға да болмайды. Биенің сүтін сауылған бетте жылыдай ішуге болады. Бірақ, қымызды жылытып немесе суытып ішу менің ақылыма сыймайды», – дейді академик.