Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Алматы облысындағы жекеменшік балабақшалардың біріне қатысты дау шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қарасай ауданы Абай ауылындағы бөбекжайда 2 жасар қызды біреу тістеп алған. Бүлдіршіннің ата-анасы баланың денесіндегі жарақат ересек адамның істеген ісі деп отыр. Ал балабақша қызметкерлері бұл жағдайдан бейхабар екенін жеткізді. Олар дәл сол уақытта бөбекжайда жарық сөніп, бейнебақылау камералары істемей қалған деп ақталып отыр. Қазір облыстық полиция департаменті істі бақылауға алып, тиісті тексеру жұмыстарын бастады.
– Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы бойынша аудандық полицияда дереу тіркеліп, ювеналды полиция қызметкерлері тиісті тексеруді жүргізе бастады. Сонымен қатар тәрбиешіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 127- бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Балабақша директорына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 409-бабының 3-бөлігі бойынша облыстық білім басқармасына ұсыныс дайындалды, – деді Алматы облыстық ПД-нің ресми өкілі Ернар Сәйділдин.
Оқи отырыңыз: Елімізде педофилдерге берілетін жаза қатаңдатылмақ