Халықтың көп жиналғаны сонша, дүйім ел жүздесуді лед экрандар арқылы сырттан тамашалады
Бақытжан Сағынтаевтың халықпен кездесуі нәтижелі екенін дәлелдеді. Бүгін атқарылып жатқан шаруаларға риза болған Жетісу ауданы тұрғындары осылай деді. Кездесу кезінде жұрттан 90-ға жуық сұрақ түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жетісулықтарды алаңдатқан басты мәселелердің бірі Жансүгіров көшесі бойындағы жолайрықтың құрылысы еді. Бүгінде үйі сүрілетін 117 тұрғын 3,6 млрд теңге көлемінде өтемақы алған. Одан бөлек, халықтан жасыл желекті заңсыз сүру, қоғамдық көліктің бағытын созу, жастарға спортпен айналысатын мүмкіндік жасау секілді мәселелер ретке келтірілген. Өткен жолғы кездесуді қорытындылаған Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов әлі шешімін таппаған сұрақтарға да тоқтады. Мәселен, Палладина көшесі бойындағы жүздеген тұрғын үйді заңдастыру мәселесі тұр.
«Қазір құрылған комиссия Палладина көшесі бойындағы 309 үйді қарадық. Оның ішіндегі 52 үй бойынша құжаттар комиссияға тапсырылды. 47 құжат дайындалу үстінде. Ал 210 үйге келсек, 123 нысан су қорғайтын аймақта тұрғаны анықталды. 58 үй бойынша жердің мақсаттық қолданылуы анықталып жатыр. Жұмыстар жалғасуда», – деді Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Мақсат ҚИҚЫМОВ.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың жетісулықтармен кездесуі «Кемел» ықшамауданындағы Мәдениет үйінде өтті. Халықтың көп келгені соншалық, дүйім ел жүздесуді лед экрандар арқылы сырттан тамашалады.
Оның қатарында ескі үйлерді сүру, пәтер иелері кооперативтеріне қатысты қаржылық мәселелер көтерілді.