Сағынтаев: «Толық бітпеген нысанды қабылдағандар жауапқа тартылсын»

22.07.2019 17:43

Толық бітпеген нысандар қабылданбайды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев толық бітпеген нысандар қабылданбайтынын мәлімдеді. Бұл туралы қала басшысы Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Бүгін әкімдікте 2019-2020 оқу жылына дайындық барысын қарадық. Құрылысшылар кеткен соң оқу орындарында олқылықтар шығып жатады. Жаңа оқу жылына дейін анықталған барлық кемшіліктерді жоюды тапсырдым. Толық бітпеген нысандар қабылданбайды. Жауапсыз мердігерлер мен толық бітпеген нысанды қабылдағандар жауапқа тартылатын болсын», - деп жазды әкім.