Толассыз жауған жауын Алматы тұрғындарын әбден әбігерге салды

19.08.2019 17:43

Өткен сенбідегі нөсер аудандардағы арық жүйесінің расыменде жөнді жасалмағанын аңғартты. Жергілікті жұрт әлеуметтік желіде жарыса жазып, біздің арнаға да видео жолдап жатты Almaty.tv тілшілері де осы ақпаратты анықтау мақсатында көшелерді аралап шыққан еді.

Жетісу ауданындағы Зубарев көшесіндегі олқылықты аудан басшылығы екі аптаның ішінде шешетіндігін сол күні-ақ уәде еткен болатын. Ал, дегенмен әзірге  Әуезов ауданындағы үйдің маңайынан резеңке етіксіз өту мүмкін емес.

Абылайхан мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы жерасты өткелінен өту де мүмкін болмады. Сондай-ақ, арық-атыздардың жөнді жасалмағандығы Райымбек пен Момышұлы, Төле би мен Яссауи, Шәймерденов көшелеріндегі көлік қозғалысына кедергі келтірді.