Адам өлтіру фактілері бойынша Қордайда 11 қылмыстық іс қозғалды

20.02.2020 в 17:44

Жанжалды өршіткендерге қатысты 90-ға жуық қылмыстық іс қозғалған

Соның 11-і - адам өлтіру фактілері бойынша. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді.  Айтуынша, тәртіп сақшыларына қарсылық танытқан үш азамат құрықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Бүгінге дейін жүздеген адамнан жауап алынды.  Олардың оқиғаға  қатыстылығын анықтауға бағытталған тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұдан бөлек, барлық қажетті сараптамалар да өткізіліп жатыр. Дәлелдемелер  алынған бетте кінәлілер жауапқа тартылатын болады»,  – деді ҚР Ішкі Істер министрінің орынбасары Марат ҚОЖАЕВ.