Алмат Қодасбаев Жамбылдағы жарылыстан қаза болған азаматтардың жанұясына көңіл айтты

29.08.2021 17:44

ҚР Президентінің Жарлығымен 29 тамыз – Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Алмат Қодасбаевтың instagram парақшасынан

Алматы қалалық кардиология орталығының директоры, медицина ғылымдарының кандидаты, РМА ассоцияланған профессоры Алмат Қодасбаев Жамбылдағы жарылыстан қаза болған азаматтардың жанұясына қайғырып көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Өз атымнан және Алматы қалалық кардиология орталығы ұжымының атынан Жамбыл облысындағы жарылыста қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамын. Оқиғада жарақат алып, ауруханаға түскендердің тез сауығып кетуіне тілектеспіз», – деп жазды instagram парақшасында

Айта кетейік, ҚР Президентінің Жарлығымен 29 тамыз – Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.