Алматыда әскери билет әперем деп 470 мың теңге алған алаяқ ұсталды

02.10.2019 19:16

Бүгінде қылмыстық іс прокуратураға жолданған

Алматыда полиция қызметкері мен қорғаныс істері жөніндегі департамент сардарлары алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Almaty.tv тілшісі қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство таратқан мәліметке сәйкес, олар әскери билет сатумен айналысып, жұрттан жалпы сомасы 470 мың теңге көлемінде пара алған. 

Бүгінде қылмыстық іс прокуратураға жолданған.