Алматыда студенттер арасында жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жүргізіле бастады

11.11.2019 17:44

Кездесудің негізгі мақсаты – білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықты жою

Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің делегациясы Алматы менеджмент университетінің ұстаздары және студенттерімен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кездесудің негізгі мақсаты – білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықты қабылдамайтын орта қалыптастырып, оны түбегейлі жою. Ал, жемқорлықпен күрес  жоюды насихаттауда осындай жоғарғы білім ошақтарын таңдау - ең өзекті және тиімді орта дейді.  

«Болашақта сіздер Қазақстанды басқаруға тиістісіңдер. Сондықтан қазірден  бастап тазалыққа, парасаттылыққа, адалдыққа үйренуге тиіссіңдер. Ең бірінші біреудің ала жібін аттамаңдар, екіншіден, біреудің мал-мүлкін ұрламаңдар, аяғы жақсы болмайды. Осының бәріңіз есте сақтаңыздар», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик ШПЕКБАЕВ.