Бос жатқан 904 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Depositphotos
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Биыл бос жатқан 904 мың гектар жер қайтарылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ведомствоның хабарлауынша, пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлері жаппай мемлекетке қайтарылып жатыр. Соңғы 6 айда 904 мың гектар пайдаланылмаған немесе заңнаманы бұза отырып берілген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Биылғы жылдың соңына дейін тағы 5 млн гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспарланып отыр. Былтыр 430 мың гектар қайтарылды.
Мемлекет пайдасына қайтарылған жерлерді одан әрі аграрлық сектор өкілдеріне тікелей пайдалануға беру үшін әкімдіктер арқылы жергілікті атқарушы органдар бөледі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
26.10.2026 09:15
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05