|
24.05.2019 | 12:45
4145

Жетісу ауданы әкіміне сұрақ жолдау басталды

Мұхтар Тәжібаевқа сұрақ қою 30 мамыр сағат 15.00-ге дейін жалғасады

Жетісу ауданы әкіміне сұрақ жолдау басталды

Алматы қаласы Жетісу ауданы тұрғындарының назарына!

Сізді аудандағы жол немесе коммуналды шаруашылық мәселесі мазалай ма? Коммуналды қызмет көрсететін компанияларға шағымыңыз бар шығар? Әлде әлеуметтік төлемдер жайынан хабардар болғыңыз келе ме? Ендеше аудан әкімі Мұхтар Тәжібаевқа

өз сауалыңызды тікелей қойып, жауабын барынша қысқа уақытта алыңыз!

Ол үшін https://almaty.tv/kz/otkrytyy-razgovor-s-akimom сілтемесі арқылы өтіп, сұрағыңызды сол жерге қалдырыңыз. Оқырмандардың ең көп даусын жинаған 5 сұрақ әкімге 30 мамыр күні «Алматы» телеарнасының тікелей эфирі кезінде қойылады. Қалған сұрақтардың бәріне әкімдік қызметкерлері 10 жұмыс күні ішінде жазбаша жауап береді.

Ауданның дамуына бейжай қарамай, сұрақтарыңызды жолдаңыз!

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир