Кей жерлерде 3 градусқа дейін аяз болады
Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылғы 20-22 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Жауын-шашынның қарға ұласуына және елдің солтүстік жартысында ауа температурасының төмендеуіне себеп болған Скандинавия түбегінің аудандарынан келген суық антициклон Қазақстан арқылы жылжуын жалғастырады.
Енді оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, сондай-ақ кей жерлерде 3 градусқа дейін аяз болады.