Алатау ауданында алкоголь өнімдерін өндіретін тағы бір заңсыз цех табылды

26.08.2019 в 17:46

1000 литрден астам спирт, бос бөтелкелер, қақпақтар, 700 дана акциздік марка табылған

Алматының Алатау ауданында алкоголь өнімдерін өндіретін тағы бір заңсыз цехтың жолы кесілді. Қалалық экономикалық тергеу департаменті мен аудандық прокуратурасының бірлескен шарасының арқасында қолдан жасалған тіркеу-бақылау маркасы бейнеленген ішімдіктер анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тексеру барысында 1000 литрден астам спирт, бос бөтелкелер, қақпақтар, 700 дана күмән тудыратын акциздік марка мен ішімдік дайындайтын аппарат анықталыпты. Сонымен қатар екі жүзден астам дайын өнімдер тәркіленді. Қазір құзырлы орын өкілдері сот алды тергеу жұмыстарын жүргізуде.