Алматы мәслихат құрамына үміткер қабылдау басталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Кез келген қала тұрғыны құжат тапсыра алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қалалық Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамына үміткер қабылдау басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мәслихатқа құжаттарды 6-19 сәуір аралығында кез келген қала тұрғыны тапсыра алады. Осыдан кейін он жұмыс күн ішінде кандидаттарды іріктеу жүргізіледі. Жаңа құрамды азаматтық сектор, саяси партия, кәсіподақ, түрлі ұйым өкілдері мен кәсіпкерлер, сондай-ақ заңгерлерден жасақталған жұмыс тобы анықтайды. Дауыс ашық түрде беріледі. Жалпы кеңес құрамына 39 адам сайланады. 

«Кандидаттар қажетті құжаттарды уақытында өткізуі тиіс. Ол толық болмаса, жалған ақпар берілсе кеңес құрамына алынбайды. Келіп түскен өтініштерді жұмыс тобы қабылдаған соң, әрбір үміткермен жеке сөйлеседі. Кейін онлайн режимде ашық түрде дауыс беру басталады», – деді қалалық мәслихат депутаты Зәуреш Өмірбаева.


Новости партнеров