Алматыда «Құнанбай» кітабының тұсаукесері өтті

17.02.2020 17:46

Кітап 3000 данамен жарық көрген және бірнеше тілге аударылады деп күтілуде

Almaty.tv

Ұлы Абайдың мерейтойы қарсаңында Мәскеудің әйгілі «Молодая гвардия» баспасынан профессор Ерлан Сыдықовтың «Құнанбай» атты кітабы жарық көрді. Жақында осы толымды зерттеу еңбектің тұсауы елордада кесілген болса, бүгін Алматыда салтанатты түрде Мұхтар Әуезов музей-үйінде болып өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Дүниеге Абайдай дара да дана ақынды әкелген Құнанбайдың тұлғасын талай ғылым мен өнер қайраткерлері еңбектерінде зерделегенімен, оның тұлғасы мен қызмет тарихы толық зерттелмеген. Ал, «Тамаша адамдар өмірі» сериясымен жарық көрген тарихи-ғұмырбаяндық туындыда автор Құнанбайдың халыққа қызметі мен жеке қасиетін барынша ашуға тырысқанын айтады. Кітап 3 мың данамен жарық көрген және алдағы уақытта бірнеше тілге аударылады деп күтілуде.

«Абайдың Абай болуына ең бірінші ата-анасының әсері. Олай болатын болса, ата-анасын неге біз зерттемеске, неге біз оны көрсетпеске, объективті түрде оларды зерттемеске. Ал, енді осы уақытқа дейін оның әкесі атақты Құнанбай - тарихи тұлға, аға сұлтан болған, үлкен би болған. Егер де, бұл кітап жазылмаса, келер ұрпақ Құнанбайды ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың кереметтей құрған, жасаған образы арқылы ғана көз алдымызға елестетіп кете берер едік», – деді Еуразия ұлттық университетінің ректоры, профессор Ерлан СЫДЫҚОВ.

Теги: книга