Маусымның 24-күні Арыс қаласындағы әскери қоймада жарылыс болып, қала түгелімен эвакуацияланған еді
Арыста болған жарылысқа кінәлі күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Облыстық соттың мәліметінше, істі болған артиллериялық оқ-дәрілерді сақтау базасының бастығына Қылмыстық кодекстің 462 бабының 3-тармағы яғни қаруды, сондай-ақ өзгелерге қауіп төндіретін заттар мен оларды қолдану ережелерін бұзу және екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекетке салғырттық танытты деген айып тағылып отыр. Егер кінәлары дәлелденсе, 5 пен 10 жыл арасында бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Естеріңізге салайық, маусымның 24-күні Арыс қаласындағы әскери қоймада жарылыс болып, қала түгелімен эвакуацияланған еді. Апат салдарынан екі әскери мен бір жергілікті тұрғын опат болған.