Қазақстанда Қытай зауыттары салынбайды

04.09.2019 17:46

Маңғыстау облысының әкімі халықты бос қауесетке сенбеуге шақырды

Жаңаөзендіктермен кездесуге келген Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Мұнайлы өңірге жаппай қытай зауыттары салынады, сол елден жұмыс күші тартылады» деген қауесет тараған. Осыған сенген жұрт наразылығын білдіріп, алаңға жиналған еді. Серікбай Тұрымов халықты бос қауесетке сенбеуге шақырып, мәселенің мән-жайын түсіндірді.

«Жалпы, елде салынатын жаңа өндіріс орындарына тек жергілікті мамандар жұмыс істейді», – деді әкім.