Қазақстандық суретші "МузАРТ" тобы мүшелерінің портретін бір уақытта салды

Шалқар Ақанов
Шалқар Ақанов
Суретші бұл туындысын жеті сағат бойы салған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық суретші Шалқар Ақанов "МузАРТ" тобы мүшелерінің портретін бір уақытта салды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Суретшінің өнеріне әнші Сәкен Майғазиев тәнті болған. Әншінің сөзінше, суретші бұл туындысын жеті сағат бойы салған.

"МузАРТ" тобының да 30 жылдығын тойлауды нәсіп етсін. Шалқартай, қолың дерт көрмесін. Жасай бер!" деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Шалқар Ақанов 1993 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылында дүниеге келген. 2005 жылы 6-сыныптан соң оқуын Алматы қаласындағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының жанындағы мектеп-интернатта жалғастырған. Бүгінде оның Instagram желісіндегі парақшасында 20 мыңға жуық оқырманы бар. Көбіне портрет салумен айналысады.

Новости партнеров