Күдікті ретінде 1969 жылғы азамат ұсталды
Алматыда № 60 мектеп-гимназиясының маңында 12 жастағы оқушы қызға шабуылдаған ер адам анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бостандық ауданының Полиция басқармасының мәліметінше, күдікті ұсталды және оның аты-жөні анықталды.
"Күдікті ретінде 1969 жылғы азамат ұсталды. Ол жергілікті Пәтер иелері кооперативінде аула тазалаушы болып жұмыс істейді, сол ықшамаудандағы үйлердің бірінің жертөлесінде тұрады. Оның айтуынша, таңертең мас күйде дүкенге бара жатқан жолда қызды көріп, оны қорқытпақшы болған. Алдағы уақытта күдіктінің жауаптары тексеріледі, дәлелдер жиналып, нақты шешім қабылданады", - деді Бостандық ауданының Полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.
Еске салайық, мұның алдында Алматыда зорлықшының оқушы қызға пышақпен шабуылдағаны хабарланған болатын. Оқиға 19 қарашада шамамен 10:30-да мектептен 500 метр жерде болған. Анасының айтуынша, қыз бала әзер дегенде құтылып, гимназияға қарай қашқан. Ер адам жылап бара жатқан қыздың артынан қуған.