Әуе компаниясы Орал, Ақтау, Ақтөбе және Атырау қалаларына тасымалдаған
SCAT Қазақстан қалаларына өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратын тегін жеткізді деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews порталына сілтеме жасап.
"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы әуе компаниясына медициналық жабдықтарды тасымалдау өтінішімен жүгінген. SCAT компаниясындағылар қандай жүк жеткізетінін білген соң, оны тегін тасымдауға шешім шығарған.
Әуе компаниясының көмегімен Орал, Ақтау, Ақтөбе және Атырау қалаларына 25 өкпені жасанды тыныс алдыру аппараты жеткізілді.
"Біз қазіргі қиын кезде дәрілік заттар мен медициналық жабдықтарды жеткізуге ерекше назар аударамыз және жеткізілген жабдық аурумен күресіп жатқандардың бәріне көмектеседі деген үміттеміз", - деп атап өтті SCAT компаниясындағылар.