Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр
Елорда тұрғыны мопед рулін басқара алмай "КамАЗ" көлігіне соғылған. Бұл туралы Астана қалалық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«25 тамызда сағат 21:14 шамасында мопед жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылынан Ақмешіт көшесіне қарай Сарайшық көшесімен келе жатып, рөлді басқара алмай, тұрған «КамАЗ» автокөлігіне соқты. Апат салдарынан мопед жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды», - делінген елорда полициясының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.
Айта кетейік, Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, биыл мопедтерге қатысты жол-көлік оқиғасында 40-тан астам адам мерт болған.
Оқи отырыңыз: Қазақстан аумағында бірнеше жол ақылы болады