Маңғыстауда бір топ азамат хаскиді «қасқыр деп қалып» атып тастады (ВИДЕО)

04.02.2020 17:47

Олардың айтуынша ит отар қойға шабуыл жасаған

Өздері жантүршігерлік сәтті видеоға түсіріп алған. Кадрде байқағандай, үш еркек бірігіп, қорада жатқан иттің қасына келеді. Ұялы телефонның жарығын жағып, оны анықтап қарайды. Тек қараңғы жерде хаскиді қасқырға көбірек ұқсатса керек, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тыныш жатқан итті үш рет мылтықпен атып жіберген. Ал, жүрегі нашар азаматтарға видеоны көрмеуге кеңес береміз.

Қазір итті өлтіргендерге қатысты жағдайдың қалай өрбігені белгісіз. Жануарларды қорғайтын қауымдастық өкілдері де, бір топ азамат хаскиді қасқырмен шатастыруы мүмкін деп болжап отыр. Олар иттің иесін іздеп жатыр. Видео сол қауымдастықтың инстаграм парақшасында тұр.