Орал мектептерінде 38 сынып карантинге жабылды

11.09.2021 18:12

Бұл туралы Батыс қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады

socialwork.nyu.edu

26 мектепте бірнеше  сынып карантинге жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Батыс қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгінгі таңда БҚО-ның Орал қаласы мен аудандарының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің қаулылары бойынша оқушылар мен студенттер арасында коронавирустық инфекция жағдайларының тіркелуіне байланысты 26 мектепте 38 сынып, сондай-ақ ЖБЖ-да үш топ және ЖОО-да бір топ карантинге жабылды», - делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ел бойынша 241-сынып анықталған коронавирусқа байланысты карантинге жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы оқу жылында оқушылар мен студенттер офлайн форматта сабақ бастады.

Санитарлық дәрігердің қаулысында егер сыныпта және топта вирус жұқтырған бір адам анықталса, бүкіл сынып/топ ұжымы 14 күндік карантинге жіберіледі деп жазылған. Егер мектептерде бір ауысымдағы сыныптардың 30%-дан астамы жұқтырса, барлық ауысым екі аптаға карантинге жіберіледі.