Мәдени шара «Қала күні» мерекесі қарсаңында өткізілді
Шәмші әндері ұмытылмайды. Алматының Наурызбай ауданының белсенді қарттары әйгілі композитордың әндерін шырқап, ашық аспан астында вальс биледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ән кешіне ауданның барлық ардегерлері қатысып, көңілдерін көтерді. Қарттар мұндай шара өмірімізді ұзартады деп пікір білдірді. Айта кетсек мәдени шара «қала күні» мерекесі қарсаңында өткізілді.
«Әрине үлкен кісілер сол әндердің барлығын сағынады. Ылғи да айтып, билеп көңілдерін көтереді. Бүгін де мына Наурызбай ауданының ардагерлері жиналып, мына жерде көңіл көтеріп жатырмыз», – деді «Арай» хорының жетекшісі Мырзагүл ЕРҒАЛИЕВА.