|
15.04.2021 | 16:47
34369

15 сәуір – «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күні

Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу – шамамен ХІІ-ХІІІ ғасырда өмір сүрген ғашықтар

15 сәуір – «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күні  inalmaty.kz

Қазақстанда бүгін «Қозы Көрпеш Баян Сұлу» күні. Жылдағы дәстүр бойынша ұлттық ғашықтар күні елімізде 15 сәуірде аталып өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталмыш мерекені көбіне мектеп, колледж сияқты білім шаңырақтары атап өтеді. Елімізде бұрын ғашықтар күнін көпшілік 14 ақпандағы «Әулие Валентин» күнімен байланыстыратын. Десе де, соңғы жылдары ғашықтар мерекесін «Қозы Көрпеш Баян сұлу» күнінде тойлап кең тарап келеді.

Өткенге көз жүгіртсек, бұл күнді атап өту осыдан 20 жыл бұрын басталған деген деректер бар. Алайда бұл күнді «Ұлттық ғашықтар күні» ретінде атап өту 2011 жылдан басталғаны туралы да мәліметтер кездеседі. 2011 жылы Алматы қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасы бұл күнді өздерінің ресми шараларының қатарына қосқан екен. Осы жылдан бастап-ақ өңірлер ғашықтар күнін кең ауқымда атап өте бастады.

Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу – шамамен ХІІ-ХІІІ ғасырда өмір сүрген ғашықтар. Сарыбай мен Қарабай аң аулап жүріп құдаласады. Бұл екеуінің ұл-қыздары кейін махаббат жолында түрлі қиыншылықтарды бастан кешеді. Жақсылық пен жамандық, дүниеқоңыздық пен көре алмаушылық, кек пен ашуға тап болған қос жүрек бір-біріне деген нәзік сезімдерін сақтай білген. Олардың махаббат тарихы осы адалдықтарымен құнды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир