Бүгін 2019 жылда алғаш рет айдың тұтылу құбылысы болады
Айдың тұтылуы адам денсаулығына ешқандай әсер етпейді, мұны зерттеулер дәлелдеген, деп мәлімдейді Sputniknews.kz РИА Новостиlt сауалнама жүргізген мамандар тобының еңбегіне сілтеме жасап.
Бүгін 2019 жылда бірінші рет ай тұтылады. Жоғары фазасы Астана уақыты бойынша 18.13-те болады.
«Физика, химия және медицина тұрғысынан алғанда айдың тұтылуы адам денсаулығына тікелей әсерін тигізбейді», – деді Владимирский атындағы Мәскеу облыстық клиникалық ғылыми-зерттеу институтының бас дәрігерінің орынбасары, медицина ғылымдары кандидаты Руслан Кошелев.
Ол атап өткендей, АҚШ-та да, Азияда да осы сұрақ бойынша зерттеулер жүргізілген – айдың тұтылуы күндерінің статистикасы травмпункттер мен қабылдау бөлімдерден алыныпты. Зерттеу нәтижесінде әдеттегі күндерден ешқандай өзгеріс байқалмаған, деп түсіндірді Кошелев.
Бірақ сезімтал әрі әр нәрсеге тез берілетін адамдар айдың тұтылуы денсаулығыма әсер етеді деп сенеді, дейді маман. Мұндай адамдар бұл күні көбірек демалып, уақытын үйде өткізіп, жақындарына көңіл бөлгені жөн, қызықты кітап оқуға немесе дене шынықтырумен айналысуға болады.
Психиатр дәрігер, психотерапевт, медицина ғылымдары докторы Лев Пережогиннің сөзіне сүйенсек, егер адам өзі сенсе, айдың тұтылуы психикаға ықпал етуі мүмкін. Алайда адамның психологиялық денсаулығына қандай да бір әсері бар деген тұжырым ғылым жүзінде дәлелденбеген, деп атап өтті маман.
«Айдың тұтылуы дегеніміз не? Бұл бір планетаның көлеңкесі екінші планетаға түсуі, бұл жиі болып тұратын құбылыс. Айдың тұтылуы режимінде тіршілік ететін болсақ, өміріміз мүлдем басқаша болар еді», – деді Пережогин.