Алматыда жалған «Оңай» карталары анықталды

08.11.2019 17:49

Қарт кісіге ауызша ескерту жасап, жол ақысын ақшалай төлеуін сұраған

Егде жастағы келіншек қоғамдық көлікте оқушыларға арналған картаны қолданып жүргісі келген. Алайда оның бетіне біріңғай картаның қағазын жапсырғаны әшкере болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тексерушілер тағы бір қарт кісіге ауызша ескерту жасап, жол ақысын ақшалай төлеуін сұраған. Ал жол жүру картасын алып қойған.  

Алматы транспорт холдинг компаниясының хабарлауынша, заң бұзушылық анықталған жағдайда құзырлы мекеме өкілдерін шақырылып, тиісті жауапкершілікке тартылуы керек екен.

Сонымен қатар, ревизиялық тексерушілер «Алматыэлектротранс», «Қаскелең автопаркі», «Talap T», «Авто-Алма транс», және  «Саммат Транс» жолаушы тасымалдау компанияларына қарасты қоғамдық көліктерді де тексерген. Оларда мұндай жағдай кездеспеген.