Алматыда жоғары оқу орнының бұрынғы қызметкері алаятық жасады. Ол докторантураға түсіремін деп елдің сеніміне кіріп, ақша алып келген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оңай олжаға кенелмек болған 46 жастағы қылмыскер әйел «докторантураға түсіремін және IELTS сертификатын алып беремін» деген уәдесін орындамай, қызметін кем дегенде 400 мың теңгеге бағалаған. Қазір оған төрт қылмыстық эпизод бойынша айып тағылып отыр. Осыған байланысты аталған адамның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтар болып жатса Алматы қаласы полиция департаментіне хабарласуды сұрауда тәртіп сақшылары.
«Қазіргі таңда бұл азаматшаның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілу үстінде. Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-тармағы бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімі көзделген», – дейді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.