Қасым-Жомарт Тоқаевқа пилоттық жоба аясында орнатылған 31 цифрлық гидробекет таныстырылды

Ақорда
Ақорда
Мұндай технологиялар келешекте еліміздің жеті таулы аймағында қолданысқа енгізіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Аюсай» бөгетінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа пилоттық жоба аясында орнатылған 31 цифрлық гидробекет таныстырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Бұл қондырғылар судың жылдамдығына, температурасына, лайлылығына және басқа да көрсеткіштерге онлайн-режимде мониторинг жүргізеді. Мұндай технологиялар келешекте еліміздің жеті таулы аймағында қолданысқа енгізіледі.

Гидробекеттердегі мәлімет ТЖМ Дағдарыс жағдайын басқару орталығының бірыңғай ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын барлық ғылыми ұйым мен салалық ведомстволарға қолжетімді болады.

Бөгет туралы ақпарат:

– Бөгеттің биіктігі: 41,1 м;

– Бөгет қырқасының ұзындығы: 330,2 м;

– 2,3 млн.м3 сел көшкінін ұстап қала алады;

– Бөгеттің ауданы: 6,9 га;

– Жоба құны: 10,5 млрд теңге.

Новости партнеров