Екі айда қазақ тілін қалай үйренуге болады – аустралиялық Иуан Смит кеңес берді

стоп-кадр из видео
стоп-кадр из видео
Саясаттанушы Расул Жұмалы екі айда қазақ тілін меңгеріп алған аустралиялық Иуан Смит жайлы видео жариялады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Саясаттанушы Расул Жұмалы екі айда қазақ тілін меңгеріп алған аустралиялық Иуан Смит жайлы видео жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мынау Иуан Смит деген Аустралияның жігіті. Ұлым Али оған қазақ тілін Интернет арқылы үйретіп екі-ақ айдың ішінде кәдімгідей деңгейге көтерілді. Бәрекелді! Бірақ осыған қарап өмір-бақи Қазақстанда тұрып қазақша қақпайтындар қатты қынжылтады», – деп жазады саясаттанушы Расул Жұмалы.

Аустралиялық Иуан Смит қазақ тілін қалай үйренгенін айтып берді.

«Менің атым Иуан Смит. Мен Аустралияданмын. Бірақ қазір Сеуілде тұрамын. Қазақ тілін үйренуге екі себебім бар: біріншіден, шет тілдерді үйренгенді жақсы көремін, екіншіден, Қазақстанға сяахаттағым келеді. Қазақ тілін үйрену қиын, өйткені құрылымы менің ана тілімнен өзгеше және үйренуге жақсы ресурстар көп емес. Қазақ тілін үйрену өте ұнайды. Бұл тіл әдемі және қызықты», – дейді Смит.

Иуан Смит қазақ тілін енді үйреніп бастағандарға кеңес берді.

«Менің ойымша, шет тілін үйренуге көп уақыт пен күш қажет. Егер бір адам шет тілінде сөйлей алмаса, бұл проблема емес. Бірақ егер бір адам шет елде тұрса, ол сол тілді үйренуге тырысуы керек. Қазақ тілін жақында үйреніп бастағандар үшін менің кеңесім оқулықтағы сөздер кейде қызықсыз. Қызықты нәрселермен үйренсеңіз жақсырақ болар еді», – дейді Смит

Новости партнеров