Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері қалада 4 892 бала дүниеге келген
Шымкент перзентханасында көпбалалы 41 жастағы ана оныншы баласын дүниеге әкелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Әйелдің есімі – Айжан, 25 ақпанда ол оныншы сәбиін туды. Дәрігерлердің айтуынша, ана мен баланың жағдайы тұрақты.
«Анамыздың он баланы дүниеге әкеле алғанына қуаныштымыз. Әрине, бұл үшін оның денсаулығы мықты болуы керек. Біз үшін көпбалалы аналар нағыз батыр», – деді перзентхана мамандары.
Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері қалада 4 892 бала дүниеге келген. Жылдың алғашқы екі айында көбіне ұл балалар дүниеге келген.