10 қыркүйекте жарияланған петицияға әзірге 47 адам қол қойған
Қазақстанда әскерге шақыру жасын 18-ден 20-ға өзгерту туралы петиция пайда болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz тілшісі.
Петиция epetition.kz сайтында пайда болды. Құжат авторлары әскерге 20 жастан бастап шақырудың бірнеше себебін атаған:
Психологиялық зерттеулер бойынша, жасы есейген кезде әскерге баратын жастардың әскерден қашу деңгейі азаяды
Өзге елдердегі практика, мысалы, Швеция, Германия, Швейцария мен Австрияда әскерге 19-20 жастан бастап шақырылады.
"Әскерге шақыру жасын 20 жасқа дейін көтеру әскери қызметтің тиімділігін арттырып, жас азаматтардың мүддесін қорғап, Қазақстанның қорғаныс жүйесінде оң өзгерістерге әкелетініне сенімдіміз. Осы өтінішті қарап, міндетті әскери қызметке шақыру жасын өзгерту бойынша тиісті шаралар қабылдауыңызды сұраймыз", - делінген құжатта.
10 қыркүйекте жарияланған петицияға әзірге 47 адам қол қойған.
Оқи отырыңыз: Ақмола облысында Білім бөліміндегілер төрт мұғалімді сотқа берген