Ақтау көшесінде жүр: Қазақстанда өте сирек кездесетін құс видеоға түсіп қалды

14.11.2021 18:06

Инспекция ақпаратына сүйенсек, кадрдағы құс - Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген дуадақ

© Sputnik / Лулишов Соломон

Ақтауда тұрғындар "Қызыл кітапқа" енген сирек кездесетін құсты видеоға түсіріп алды, деп хабарлады Almaty.tv  тілшісі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Қала тұрғындардың бірі "Қызыл кітапқа" енген дуадақты 1В шағынауданынан 12 қарашада байқап қалған.

Бұрын соңды өңірде мұндай құсты көрмеген тұрғын оны видеоға түсіріп алды. Сондай-ақ ол құстың аяғында арнайы белгі бар екенін байқаған.

Бұл видео облыстық аумақтық инспекциясының назарына ілінді.

Инспекция ақпаратына сүйенсек, кадрдағы құс - Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген дуадақ.

Халықаралық келісімшартқа сәйкес жыл сайын Шымкент қаласындағы арнайы бақта өсірілген дуадақтар Маңғыстау облысына жеткізіледі, осы жерден табиғат аясына жіберіледі.

Биыл  шілде айында және қыркүйекте Маңғыстау облысына 2 мың дуадақ жеткізіліп, табиғи ортаға жіберілген.