Қазақстанда кәмелетке толмаған 4 және одан көп немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы беріледі
Қазақстанда 2022 жылы кәмелетке толмаған төрт және одан көп баласы бар отбасыларға төленетін жәрдемақының мөлшері ұлғаяды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстанда кәмелетке толмаған 4 және одан көп немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Ол отбасының кірісіне қарамастан барлық көпбалалы жанұяға бала санына қарай төленеді.
2022 жылы оның мөлшері:
8 және одан көп баласы бар отбасыларға 32,06 АЕК немесе 98 200 теңге және одан кейінгі әр бала үшін 4 АЕК.
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға табысына қарамастан төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы 6,4 АЕК немесе 2022 жылы 19 603 теңгеге тең болады.