Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі маңызды хабарлама жасады

24.06.2023 19:05

Төтенше жағдайлар туындаса ҚР азаматтарына бар қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігі Ресейдегі жағдайға байланысты маңызды хабарлама жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарында орын алып отырған қауіпсіздік жағдайларына байланысты, аталған аймақтарға барудан бас тартуды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Ресей Федерациясында, әсіресе Украинамен шекаралас аймақтарда жүрген еліміздің барлық азаматтарынан Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде консулдық есепке тұруларыңыз міндетті түрде ұсынылады (консулдық есепке сілтеме бойынша онлайн тұруға болады).

Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтарына бар қажетті көмек пен қолдау көрсетілетін болады.

ҚР РФ Елшілігінің жедел желі телефоны: +7-925-897-71-14.