Президент №3 домна пешінің жұмысымен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапары Теміртау қаласындағы Qarmet металлургиялық комбинатын аралап көруден басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент №3 домна пешінің жұмысымен танысты. Мұнда жылына 3,8 миллион тонна шойын өндіріледі.
«Qarmet» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев пен кәсіпорынның бас директоры Вадим Басин өндірісті дамыту үшін атқарылған және жүзеге асырылып жатқан жобалар жөнінде баяндады.
Бұл мақсатқа 3,5 миллиард доллардан астам қаржы қарастырылған.
Кәсіпорын ғимараттар мен нысандарға ауқымды жөндеу жұмысын жүргізіп жатыр.
Биылғы жаңғырту бағдарламасына 100-ден астам нысан енген. 50 мың шаршы метр шатыр ауыстырылуда.