Семейде 62 жастағы әйел мешіттен шығып жоғалып кеткен

08.05.2019 17:52

62 жастағы Семей тұрғыны бір аптадан бері xабар-ошарсыз жоғалып кетті, деп жазады YK-news.kz.

Volontery_semey_LIDER.KZ волонтерлер тобының мәліметінше, 1956 жылғы Ғалима Әлімбаеваны мешіттен шыққан соң ешкім көрмеген.

Бойы - 155-156 см, көзі - көк түсті.

Үйінен соңғы шыққанда үстіне күлгін түсті жейде киіп кеткен.