Абай даңғылын батысқа қарай ұзарту мақсатында үйлерді сүру басталды

Абай даңғылын батысқа қарай ұзарту мақсатында үйлерді сүру басталды
Жұмыстар басталғаннан бері ондаған жеке үй бұзылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы Абай даңғылын батысқа қарай ұзарту мақсатында үйлерді сүру жұмыстарының белсенді кезеңі басталды. Қазіргі уақытта «Қалқаман» ықшамауданындағы Арман көшесінде құрылыс жұмыстары  жүргізіліп жатыр. Болашақта Абай даңғылы дәл осы көшемен жалғасатын болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Сонымен қатар, Әшімов көшесінде де жолайрықтың құрылысы қолға алынды. Жұмыстар басталғаннан бері ондаған жеке үй бұзылды.

Естеріңізде сала кетейік, бұған дейін Абай даңғылын тесу үшін Наурызбай ауданындағы 250-ден астам жер учаскелері сатып алынады деп хабарланған болатын. Жоба бойынша аталған құрылыс нысаны биылғы жылдың желтоқсан  айында аяқталады деп жоспарлануда. Алайда, бұл мерзім созылуы мүмкін. Айта кету керек, Абай даңғылын ұзарту жұмыстары 2015 жылы басталған болатын. Оның жалпы ұзындығы 4,7 шақырымды құрайды

Новости партнеров