Алматы мен Санкт-Петербург қалалары білім беру саласында өзара келісімге қол қойды

Алматы мен Санкт-Петербург қалалары білім беру саласында өзара келісімге қол қойды
Енді екі тараптың оқушылары мен колледж студенттері тәжірибе алмасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атап айтқанда, Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейі Санкт-Петербург Красногвардейск ауданындағы №140 орта мектеп пен Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технология колледжі Небольсин атындағы Невский колледжімен өзара ынтымақтастық орнатпақ. Енді екі тараптың оқушылары мен колледж студенттері тәжірибе алмасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Санкт-Петербургтен келген арнайы делегация білім ошағын аралап, оның жұмысымен танысты. Бұл мектепте 1931-1938 жылдары Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова оқыған. Білім ошағы 1960 жылдан бері қазақтың қаһарман қызының есімімен аталып келеді. Одан бөлек, ресейлік меймандар колледжге де ат басын бұрып, оқу орнында атқарылып жатқан жұмыстарды көздерімен көріп қайтты.

«Мен дәл осы Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейімен келісімге қол қойылғанына қуаныштымын. Білім ошағын аралап, танысып шықтық. Мұражайда сұм соғыстың сұрапыл кездері сақталған. Алматы тарапынан да делегацияны да қабылдаймыз. Онлайн ашық сабақ өткіземіз», – деді Санкт-Петербург қаласы № 140 орта мектептің директоры Елена РОСТУНОВА.

«Біз халықаралық қарым-қатынасты дамытуға тиіспіз. Себебі басқа елде, басқа мемлекетте болып жатқан, қандай жаңалықтар бар екенін көріп-біліп, өзімізбен салыстырып, кем-кетігі болса толықтыратындай жағдай жасауымыз керек. Біздің білім беру мекемелерінің арасында білім беру жүйесінде соншалықты айырмашылық бар деп айта алмаймын. Себебі біздің жасап жатқан жұмысымызды олар да жасап жатыр. Бірақ тығыз қарым-қатынас орнаса, біз өзіміздің саламызды дамытар едік», – деді  Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Гүлнар ХОДЖАБЕРГЕНОВА.

Новости партнеров