Медициналық көмекке 12 адам жүгінсе, 5 адам жергілікті ауруханада жатыр
Кеше жергілікті уақыт бойынша 17:00 де Красноярск облысындағы әскери бөлімде оқ-дәрі қоймасы өртеніп, жарылыстар болған еді. Бүгінде өрт толығымен сөндірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Каменка ауылынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан аймақтағы апат басталысымен жақын маңдағы елдімекендерден 4 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Олар Ачинск, Назарова және аудан шетіндегі уақытша пунктерге жайғастырылған. Медициналық көмекке 12 адам жүгінсе, 5 адам жергілікті ауруханада жатыр. Ал, тағы екеуін санавиациямен Красноярскге алып кеткен.