Алимент төлеуден қашқан әке қамауға алынды

31.05.2019 17:54

Әкенің баласы алдындағы берешегі 2 миллион теңгеге жуықтаған

Әкенің баласы алдындағы берешегі 2 миллион теңгеге жуықтаған. Бұл 4 жылда жиналған қарыз, деп хабарлайды Aktobenews.kz. 

Алимент төлеуден жалтарып жүрген Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының 36 жастағы тұрғыны сот арқылы жауапқа тартылды. Борышкер 2 тәулікке қамалған. Іс материалдарына сәйкес, алимент өндіру туралы арыз 2016 жылы жазылған.

Борышкерге бірнеше рет ескерту жасалғанымен, көмек көрсетпегені айтылады. Соның салдарынан қарыз мөлшері 1 760 579 теңгеге жеткен. Сотта құқық бұзушы өз кінәсін мойындады.