Заңды бұзған компаниялар жауапқа тартылады
Туристік визамен Африка құрлығы елдерінен шетелдіктерді шақырып, олардың дер кезінде отанына оралуына тиісті іс-шара қолданбаған компаниялар жауапқа тартылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Тек соңғы аптада шетелдіктердің осы санатына шақыру жіберген және шетелдіктердің ҚР-да болу немесе ҚР-нан белгілі бір мерзімнен кейін кетуі туралы құжаттарды рәсімдеу шараларын қолданбаған немесе келіп жатқандар туралы ішкі істер органдарына уақтылы ақпарат бермегені үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған 6 заңды тұлға анықталды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл компаниялар алдағы 12 айда шетелдіктерді елге шақыру құқынан айырылады, - деді, Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі Басқармасының басшысы полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.
Сондай-ақ сенімсіз компанияларға қатысты қалалық туризм басқармасына туристік оператор қызметі лицензиясынан айыру немесе тоқтату мәселесін қарау үшін хат жолданды.
Сонымен қатар қазіргі уақытта аталған компаниялардың біріне қатысты ҚР ҚК-нің 394-бабы - заңсыз көші-қонды ұйымдастыру әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалады, деп таратады Алматы қалалық полиция Департаментінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда қанша адам салық төлемей жүр: 27 қазанда болған маңызды оқиғалар