Атырауда 9 адам суға батып кетті

26.07.2024 17:54

Су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

elements.envato.com

Атырауда жаз басталғалы 9 адам суға кетті, оның төртеуі – бала, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін хабарлады.

«Алайда биыл жаз басталғалы 9 адам, оның ішінде 4 бала суға батып кетті. Жыл басынан бері 8  адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды», - деп хабарлады Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да 2000 метрден астам браконьерлік аула табылды