Павлодар облысында түтін исі тұрғындарды алаңдатып отыр
pavlodarnews.kz
Синоптиктердің болжамынша, желдің бағыты ауысқан жағдайда 2-3 күннің ішінде жағдай тұрақталады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Соңғы екі күн бойы өңірді ыстың иісі бар түтін басты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда аймақта техногенді апаттар, қалдықтар мен табиғи өрттер тіркелмеген.
«Ресей БАҚ мәліметтеріне сәйкес, тұман тәрізді түтін Солтүстік Сібірді де басқан. Шығыстан соққан жел түтінді Хакасия Республикасы, Алтай өлкесі, Кемер, Новосібір, Омбы және Томск облыстарына Краснояр өлкесінің Эвенкийск ауданынан таратуда. Ол жақта табиғи өрт тіркелген», - дейді департаментте.
Синоптиктердің болжамынша, желдің бағыты ауысқан жағдайда 2-3 күннің ішінде жағдай тұрақталады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
07.10.2026 20:30
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
07.10.2026 18:29
Елордада бес көлікті жалын шарпыды
06.10.2026 10:00