|
30.12.2019 | 12:55
4701

Алматыда мереке күндері «Мұзды өлке» таңғажайып шоуы өтеді

Қаңтардың 3-5 аралығында өтетін мұздағы қойылымға отандық 20 мәнерлеп сырғанаушы қатысады

Алматыда мереке күндері «Мұзды өлке» таңғажайып шоуы өтеді

Бүгін Балуан Шолақ атындағы аренада жаппай сырғанау өтіп жатыр. Дегенмен, 5 күн қатарынан ұйымдастырылған шараның бүгін соңғы күні. Ал алдағы күндері онда отандық мәнерлеп сырғанаушылар отбасыға арналған «Мұзды өлке» атты таңғажайып шоуын қоймақшы, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Шара қаңтардың 3-інен 5-не дейінгі аралықта болады. Мұздағы қойылымға отандық 20 мәнерлеп сырғанаушы қатысады деп күтілуде. Араларында республикалық және халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырынан көрініп жүргендер де бар.

«Өте ерекше, қызықты бағдарлама ойластырдық. Ішінде орындалуы қиын мәнерлеп сырғанаудың элементтері бар. Мұзды шоудың желісі мультфильмге ұқсайды. Дегенмен, бұл тек отандық мамандардың қатысуымен жасалатын шоу болады. Шоуға қатысу жас спортшыларға мотивация береді», - деді ҚР мәнерлеп сырғанаудан спорт шеберіне үміткер Мария ГРЕЧАНАЯ.

«Өзіміздің балаларымыз бен спортсшыларымызға үлкен қолдау бұл, үлкен мектеп. Өйткені, бұл жерде спортшыларымыз бірінші ретте актерлік жағынан көп тәжірибе алады. Публикамен жұмыс істеп үйренеді. Ол үлкен мектеп деп ойлаймын», - деді ҚР мәнерлеп сырғанаудан спорт шеберіне үміткер, шоудың қоюшы режиссері Азат ЖАБЕЛОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир