Алматылық 27 жастағы Исатай Әлібаев үйленген, төрт айлық баласы бар
Арыста жойқын апатты видеоға түсірген сарбаз төтенше жағдай кезінде ата-анасына арнап қалай соңғы видеосын жазғанын айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алматылық 27 жастағы Исатай Әлібаев үйленген, төрт айлық баласы бар. Әскерге 2011 жылы шақыртылған ол содан бері лейтенант шеніне дейін көтерілген.
Оның айтуынша, оқиға болып жатқан кезде жағдайды бағамдау қиын болыпты. Жеке өзі де, жалпы отряд сарбаздары да бастапқыда соғыс басталып кетіп, сырттан біреулер бомбалап жатыр ма деп қалған.
«Мұның бәрі шамамен таңғы сағат 09.15-09.20 аралығында болды. Снаряд ұшып, жарылып жатты, жарылыс толқыны болды. Бізді бомбалап жатқандай әсер болдық. Қорғаныс пунктінде жасырынасың, ол да көзді ашып-жұмғанша қирайды. Жер сілкініп, үйлер мен ғимараттар құлап, екі-үш метр жерден сынықтар ұшып жатты жатты. Әрең құтылдық», – дейді Исатай.
Лейтенант Әлібаев бірнеше метр жерде снаряд түсіп, жарылып жатқанда өлемін деп ойлаған. Соңғы әрі жалғыз тілегі ата-анасын жақсы көретінін айтып, өсиет қалдыру болыпты. Осылайша Исатай Қазнетке тараған видеоны түсірген.
«Ойлап көріңіздерші – кез келген сәтте өліп кетуіңіз мүмкін. Кеше сондай сәтпен бетпе-бет келдім. Сондықтан өлім алдында ата-анаммен қош айтысып, жақсы көретінімді айттым. Бірақ кейін сабыр сақтап, берген антымды орындауды ұйғардым да, не істеу керектігін ойландым. Не де болса, адамдарды құтқарып өлейін дедім», – дейді ол.
Айта кетейік, күні кеше әлеуметтік желіде Түркістан облысы Арыстағы жарылыс боп жатқан жерден отбасына сәлем жолдаған әскеридің видеосы жарияланған болатын.
Кадрда сарбаз «Егер өліп кетсем... ата-анама жақсы көретінімді айтқым келеді» деді көз жасына ерік беріп.