Танымал эстрада жұлдыздары Шымкент қаласында дүркіреген той үстінде ұсталды. Өңірлік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, мерекелік іс-шараларға тыйым салынғанына қарамастан, бірнеше сахна жұлдыздары қыз-ұзату тойын ұйымдастырған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кадрлардан «Коронавирус, кет!» әнінің авторы Марат Омаров, танымал әнші Қайрат Түнтеков және басқа да кеш қонақтарын байқауға болады. Тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік жаза қолдану үшін әкімдік пен полиция департаментіне хат жолданған.
«Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік жаза қолдану үшін әкімдік пен полиция департаментіне хат жолдады. Осы жағдай бойынша қабылданған шаралар туралы қосымша хабарлаймыз», – деп уәде берді департамент өкілдері.